Аса маңызды нысандарды күзететін әскери бөлім қабырғасы қаланған күнін атап өтті

1397
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өскемендегі  "Шығыс" өңірлік  қолбасшылығына  қарасты  3477 әскери бөлімінің құрылғанына 65 жыл толды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет үшін аса маңызды нысандарды күзететін әскери бөлім қабырғасы қаланған күнді «Ертіс концерт» мәдениет сарайында атап өтті. Ұйымдастырушы тарап мерейлі кеш көрермендері үшін мәдени нысан холында қару-жарақ көрмесін қойып, сонымен қатар шара қонақтары бүркіт ұстаған саятшымен суретке түсу  мүмкіндігіне ие болды. Әскери бөлімді құттықтау мақсатында қала әкімнің орынбасары, шахардағы түрлі бірлесе әрекет ететін органдар өкілдері, өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлім командирлері, әскери бөлім ардагерлері   арнайы келді. Мерекелік іс-шарада алғашқы болып сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Дәурен Джагипаров мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындық барысында үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілерді алғыс хаттар және грамоталармен марапаттады.

- Бүгін мен үшін өте ерекше күндердің бірі және бірегейі. Неге десеңіздер,  әскери бөлімнің алпыс бес жылдық туған күні  Ұлы Жеңістің сексен жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.  Жалпы,  алпыс  бес жыл  бұл  аз уақыт емес. Сонау қатпарлы тарих   беттерін ақтарып,  өткенге  көз  тастасақ  әскери бөлім  тәуелсіздік  алғанға дейін және тәуелсіздік  алғаннан бастап қазіргі  уақытқа дейін  еселі қызмет атқарып, құқықтық тәртіп әскері әлеуетін арттырғаны әлмисақтан белгілі.  Әскери бөлім қызметшілері   өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып,  ел әскерінің  дамуы жолында  сүбелі  үлес қосып келеді, - дейді 3477  әскери бөлім командирі полковник  Руслан Есенғалиев.

Әрімен қарай,  құттықтау сөздерінің легін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит  жалғап,  арнайы мейман 3477  әскери бөлімінің жеке құрамына  ақжарма тілегін жаудырды. Сонымен қатар ардагерлер  кеңесінің төрағасы отставкадағы  полковник Айдар  Оразбаев  әскери бөлім командирін құттықтап, табиғат көрінісі бейнеленген  картина тарту етті. Өскемен гарнизонындағы өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлім командирлері де шырайлы кеште төбе танытып, сыйлықтарын ұсынып, естелік фотосуретке түсті. Сондай-ақ «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы мен  Халық банкінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері де  ақжарма тілектерін жаудырып, әскери бөлімге сый-сыяпаттарын табыстады. Салтанатты шарадан ерекше әскер алған көрерменнің бірі Василий Чуб болды.  Әскери бөлім ардагерінің құқықтық тәртіп әскеріне айтар   алғысы шексіз.

-  Құқықтық тәртіп әскерін  ішкі қауіпсіздіктің қалқанына балаймыз.  Ендеше, 1975 жылдан 1995 жылдар аралығында мен де ел қалқанына айналып, еліміз үшін стратегиялық маңызды нысанды күзетуде табанды қызмет еттім. Жиырма жыл ішінде сүрлеуі көп жауынгерлік жолда қаруластар қатарынан қимас жора-жолдас жолықтырдым. Қазіргі таңда зейнеттік демалыстамын. Қазіргі таңда әскери бөлімде тапсырылған жұмыстың қаншалықты ауырлығына қарамастан жауынгерлер борыштарын жоғары деңгейде орындап жатқан ұландықтарға сәттілік тілеймін,  - дейді 3477 әскери бөлімінің ардагері.

Құттықтаулар легі мұнымен шектелмеді. Көгілдір экран арқылы қазақ эстрадасының жұлдыздары тағы да басқа елімізге белгілі өнерпаздар ұландықтардың Отан қорғау жолындағы қызметтеріне толайым табыс тіледі. Жауынгерлік қызметтегі үздік әскери қызметшілерді марапаттаумен жалғасқан шырайлы кеш  думанды концерпен жалғасын тапты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -