ТЖМ құтқарушылары Қырғыз Республикасының азаматтарына көмекке келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қостанай облысында Арқалық қаласынан 100 шақырым жерде "Жезқазған-Петрапавловск" автожолында жеңіл автокөлік ауа райы жағдайына байланысты жолда бағдарын жоғалтып жүргізушісі құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмекке жүгінді.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, көрсетілген координаттар бойынша келді. Салонда төрт адам болған. ТЖМ күштерімен олар Арқалық қаласына дейін жеткізілді.
ТЖМ ауа райын ескеру және қыс мезгілінде жолдарда барынша абай болу қажеттігін еске салады.