Барлаушылар ұрыс тактикасы мен дәл көздеуді жетілдірді

2585
Фотосурет: Абай гарнизоны

Семей барлаушылар тапсырманы сәтті орындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының барлау-шабуылдаушылары Абай гарнизонының полигонында оқу-жаттығуын өткізді.

«Шығыс» түраралық полигонындағы жиында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға қажетті атыс құралдары таныстырылды. Мұндай жаттығуларда сарбаздар алған теориялық білімдерін іс жүзінде тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алады. Жаттығу кезінде жауынгерлердің белсенділігімен қатар психологиялық төзімділігі де сыналды.

Жауынгерлік жоспарға сай өткізілген ату жаттығуларының мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының тәжірибелік шеберліктерін арттыру, штаттық қару-жарақтан ату және атысты басқаруды ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында барлаушы сарбаздар шартты түрдегі  жау басып алған  қалашықты тұтқыйылдан шабуылдап қоршап алады. Осы сәтте жауға шегінуге тура келеді. Ал барлау-шабуылдау ротасының екінші бөлімшесі шегінген қарсыласқа шабуылдарын жалғастырып, ұрысты ары қарай жалғастырады. Оның барасында әскерилер қойылған тапсырманы сәтті орындады. Аталған оқу-жаттығу кезінде мерзімді әскери қызметін өтеуші сарбаздар қарудың бірнеше түрін қолданып, шеберліктерін шыңдай түсті.

Барлау-шабуылдау ротасының сержанты, аға сержант Дархан Қайролланың айтуынша, жеке құрам тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді.

"Атыс жаттығуында ЖҰМ-1 жауынгерлік машинасынан, АК-74 және оқшашар мен қол граната атқышы сынды қару жарақтары қолданылды.  Жеке құрам командирлердің берген бұйрықтарын орындап, нысаналарға дөп тиді" Аға сержант Дархан Қайролла

Атыс қорытындысы бойынша барлау-шабуылдау ротасы барлық нормативтерді сапалы орындап, шеберліктерін шыңдай түсті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -