Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойы аталып өтті

1650
Фотосурет: Gov

Астанада «Folk&Art Performance» шығармашылық фестивалі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Folk&Art Performance» жастар шығармашылық фестивалі өтті.

Жобаның мақсаты – өнер арқылы Қазақстанның мәдени әралуандығын көрсету, жас таланттарды қолдау және шығармашылық бастамалар арқылы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту.

Фестиваль аясында шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ансамбльдер халық билері мен музыкасын, аспаптық шығармаларды, әр этностың дәстүрлерін бейнелейтін хореографиялық қойылымдарды, «Абай» операсынан Абайдың ариясын, ым-ишара тілінде орындалған әндер мен басқа да өнер туындыларын ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, онда мәдениет қайраткерлері мен Ассамблея мүшелерінің еңбектері таныстырылды. Олар бүгінде жастарға тәлімгерлік етуде.

Іс-шара барысында шығармашыл жастарға халықаралық байқауларға қатысуға арналған жол жүру гранттарының 5 сертификаты табысталды.

Творческий фестиваль «Folk&Art Performance» состоялся в Астане

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -