Өрт сөндірушілер спорты бойынша чемпионат: бірінші күннің қорытындысы

3509
Фотосурет: Gov

Биылғы жылы Астана қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХХІІI - ерлер арасындағы, ХI - әйелдер арасындағы, X - жасөспірім ұлдар арасындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің қысқы Чемпионаттары өтуде. Жарысқа еліміздің әр түрлі облыстарынан, қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 500-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бірінші күні Чемпионат қатысушылар шабуыл сатысы дисциплинасы бойынша бақ сынасты, онда жас ерекшеліктері бойынша спортшылар оқу мұнарасының екінші, үшінші және төртінші қабаттарына көтерілді. Чемпионаттың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу күрес басталды.

«Барлық спортшылар мықты, жақсы дайындықты көрсетеді. Бұл спорттың элементтері адамдардың өмірі мен өртті сөндірудің немесе төтенше жағдайды жоюдың сәттілігі өрт сөндірушілердің шебер және жылдам әрекеттеріне байланысты болған кезде санау бірнеше секундқа созылатын өмірде, өртте және басқа да төтенше жағдайларда алынады. Өрт-құтқару спорты - ТЖ қызметінің жеке құрамын арнайы даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі», - деп түсіндірді «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинада командалық есепте орындар келесі түрде орналасты:

Ерлер арасында:

1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы

2 орын – ШҚО ТЖД құрама командасы

3 орын – Ақтөбе облысы ТЖД құрама командасы

Әйелдер арасында:

1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы

2 орын - Алматы қаласы ТЖД құрама командасы

3 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы

Жасөспірім ұлдар арасында:

1 орын - ШҚО ТЖД құрама командасы

2 орын - БҚО ТЖД құрама командасы

3 орын - Ақтөбе облысы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі орындар:

Ерлер арасында:

1 орын - 14,31 секунд нәтижесімен Жаманшалов Данияр, Ақтөбе облысы

2 орын - 15,71 секунд нәтижесімен Қонысбаев Абай, Маңғыстау облысы

3 орын - 16,52 секунд нәтижесімен Снегирев Дмитрий, Астана қаласы

Әйелдер арасында:

1 орын - 07,40 секунд нәтижесімен Салмина Валентина, Шымкент қаласы

2 орын - 07,42 секунд нәтижесімен Дзолба Оксана, Алматы қаласы

3 орын - 07,69 секунд нәтижесімен Поволодская Валерия, ШҚО

Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):

1 орын - 11,64 секунд нәтижесімен Мұратұлы Юсуф, Астана қаласы

2 орын - 12,19 секунд нәтижесімен Калиоллаев Ислам, Ақмола облысы

3 орын - 12,60 секунд нәтижесімен Әлжан Алан, Шымкент қаласы

Орта топ жасөспірім ұлдар арасында (15-16 жас):

1 орын - 07,69 секунд нәтижесімен Абаев Амир, Ақтөбе облысы

2 орын - 07,84 секунд нәтижесімен Виноградов Артем, ШҚО

3 орын - 07,86 секунд нәтижесімен Шевцов Кирилл, Шымкент қаласы

Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында (14 жас және одан кіші):

1 орын - 07,65 секунд нәтижесімен Ефремов Назар, Астана қаласы

2 орын - 08,07 секунд нәтижесімен Елеусизов Алинур, Абай облысы

3 орын - 08,64 секунд нәтижесімен Рыбалкин Дмитрий, Ақмола облысы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -