Далалардан Еуропаға дейін: Қазақстан ЕО-ға бал экспорттайтын елге айналды

1540
Фотосурет: Gov

Еуропалық Одақ Қазақстанды бал экспорттаушы ел ретінде ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл маңызды жетістік ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Қазақстан Республикасының Брюссельдегі Елшілігінің, сондай-ақ Еуропалық комиссияның Денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Бас директоратының (DG SANTE) үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл қазақстандық өнім үшін әлемдегі ең ірі және бәсекеге қабілетті нарықтардың бірінде жаңа мүмкіндіктер ашады.

Еуропалық Комиссия ЕО 2021/405 ережесіне Одаққа балық өнімдерінің жекелеген түрлерін импорттауға рұқсат етілген үшінші елдердің тізімдеріне қатысты түзетулер енгізетін 2025/354 ережесін (ЕО) жариялады. Регламенттің I қосымшасына сәйкес Қазақстан белгілі бір жануарларды азық-түлік өнімдерін өндіру үшін пайдалану және адам тұтынатын жануар тектес өнімдерді бақылау жоспарлары бекітілген үшінші елдер немесе өңірлер тізіміне енгізілді.

Осылайша, Регламенттің 11-тармағы Қазақстан барлық қажетті кепілдіктерді ұсынғанын растап, соның нәтижесінде оның жоспары мақұлданғанын растайды. Енді Қазақстан (ЕО) 2021/405 Регламентінің I қосымшасында «бал» үшін «X» белгісімен көрсетілген, бұл қазақстандық экспорттың Еуропалық Одақ нарығына жаңа көкжиектерін ашуда. Айта кететін жайт, Регламент Еуропалық Одақтың Ресми журналында жарияланғаннан кейін жиырмасыншы күні күшіне енеді.

Бұл шешім Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда қатынастарын кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады, ол акваөсіру, ет және басқа да бірқатар қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін келісу үрдісін жалғастыруға мүмкіндік беруде. Сыртқы сауданы дамыту Қазақстан үшін басым міндет болып қала береді, ал ЕО нарығына экспортталатын тауарлар ассортиментін кеңейту Қазақстанның шаруашылық субъектілері мен еуропалық импорттаушылар арасындағы коммерциялық байланыстардың нығаюына септігін тигізеді.

Мақсатты жұмыстың арқасында бұған дейін қазақстандық балық өнімдеріне Еуропалық Одаққа жол ашылғаннын атап өткен жөн.

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің бірыңғай сауда саясатын реттеу ЕО институттары тарапынан жүзеге асырылатындықтан қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі Қазақстан Республикасының Брюссельдегі Елшілігінің назарында әлі де қалуда.  

Еуропалық Комиссияның мәліметтері бойынша, Еуропалық Одақ өзін балмен тек 63% деңгейінде қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, Еуроодақ өндіріс көлемі 286 мың тоннаға жететін әлемдегі Қытайдан кейінгі екінші ең ірі бал өндіруші болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мәліметтері бойынша, бал өндіруші үш ірі ел келесі болып табылады: Қытай (474 мың тонна, 26%), ЕО (286 мың тонна, 16%) және Түркия (118 мың тонна, 6%). Қазақстанның статистикалық деректеріне сәйкес 2023 жылғы қорытынды бойынша елдегі бал өндірісінің көлемі 3,9 мың тоннаны құрады. Оның 228 тоннасы Қытай, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Иорданияға экспортталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -