Алматыдағы «Терренкур» модернизациясы сәуір айында аяқталады

1518
Фотосурет: Gov

Алматының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы әкімінің айтуынша, аудан тұрғындарының демалысы мен тынығуына қолайлы жағдай жасау үшін 2025 жылдың сәуір айында "Терренкур» аумағының 3,4 гектарын жаңғырту жобасы аяқталады. Жоба тоғанды абаттандыруды, рекреациялық аймақтарды, балалар мен спорт алаңдарын құруды қамтиды.

«2025 жылдың мамыр айында Құрманғазы көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін Достық даңғылының «қасбтен қасбетке дейін» және Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейін Пушкин көшесін кешенді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарға кірісеміз», - деді әкім.

Осы жобалар аясында жол жабыны жаңартылады, веложолдар, спорттық және серуендеу аймақтары жабдықталады, сондай-ақ аумақты кешенді көгалдандыру жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Айта кетейік, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2 млрд теңге бөлінді, бұл 34 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Олардың ішінде 20 аула аумағын, 7 қоғамдық кеңістікті абаттандыру және 7 учаскеде автосуару жүйелерін орнату бар.

2025 жылы ХҚБ аясында тағы 34 жобаны іске асыруға 2 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында 17 аула аумағын, 13 қоғамдық кеңістікті абаттандыру және 4 учаскеде автосуару жүйелерін монтаждау жоспарланған.

2024 жылы тұрғындардың белсенді демалысы үшін қолайлы қалалық орта мен жағдай жасау үшін 60 аула аумағын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың сәуірінде басталады. Жоба аясында заманауи воркаут-аймақтар, балалар және спорт алаңдарын салу көзделген. Бұл мақсаттарға 2,8 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -