Талдықорғанда ашық есік күні

1716
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

Талдықорған қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Талдықорған индустриялық колледжінің 1 курс студентері әскери бөлімге барып, сарбаздардың әскери борышын өтеу жағдайымен танысты.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Жетісудағы 5514 әскери бөлімінде студенттер әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен, техника және қару-жарақ түрлерімен танысты. Колледж білімгерлеріне бөлімнің тәрбиеші офицерлері әскери өмір мен ондағы тәртіп туралы, сондай-ақ сарбаздардың жатын орны мен күн тәртібі жайында ақпар берді. Белгіленген күн тәртібіндегі сарбаздардың таңертеңнен кешке дейінгі тыныс-тіршілігі баяндалды.

Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Олардың бойына әскери-патриоттық тәрбиені сіңіру үшін осындай шаралардың маңызы зор. Негізі біздің әскери бөлімде Ашық есік күні жиі өткізіліп тұрады Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Досымхан Қуатұлы

Болашақ Отан қорғаушыларды алға қойған мақсатқа әрдайым қол жеткізуге, оқуда және спортта жеңіске жетуге, салауатты өмір салтын ұстанып, елдің бетке ұстар азаматы болуға шақырды.

Экскурсиядан кейін Талдықорған индустриялық колледжінің студенттері  әскери қызметшілерге осындай танымдық шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, ел қорғау жолындағы қызметтеріне толағай табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -