2025 жылғы 26 ақпанда Астана қаласында «6-бап шеңберінде ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру» тақырыбында тренинг-семинар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараны «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар көміртекті сертификаттаудың негізгі аспектілерін, оның ішінде шығарындыларды есепке алу әдістемесін, халықаралық стандарттар мен ұлттық талаптарды интеграциялау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда көміртекті нарықты дамыту перспективаларын талқылады.