Қазақстан мен Люксембург сауда саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда

1760
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан жұмыс сапарымен Люксембургке барып, Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Сауда және инвестицияларды тарту дирекциясының басшысы Пьер Феррингпен, Туризм министрлігінің Туризм дирекциясының директоры Жан Тоннармен, Мәдениет министрлігінің Халықаралық департаментінің директоры Барбара Зехпен жеке кездесіп, Люксембург Парламентінің Сыртқы байланыстар департаментінің директоры Таня Теннинамен сұхбаттасты, деп хабарлайды DKnews.kz.

П.Феррингпен кездесу барысында сауда және инвестициялар саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасы аталып өтті. Сондай-ақ Люксембургтің Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі ретіндегі маңызды рөлі баса айтылды.

Люксембург дипломаты Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды рөлін және еліміздің көлік, жасыл энергетика және басқа салалардағы жоғары экономикалық әлеуетін атап өтті. П.Ферринг Люксембургтің екі елдің шаруашылық субъектілері арасында өзара тиімді қатынастарды кеңейтуге деген қызығушылығын ерекше атап өтті.

Люксембургтің мәдениет және туризм министрліктерінің өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан мен Люксембургте мәдени іс-шараларды өзара ұйымдастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды. Цифрландыру, MICE (кездесулер, ынталандырулар, конференциялар, көрмелер), белсенді туризм және басқа салалардағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Люксембург тарапынан мәдениет және туризм салаларында ынтымақтастықты жандандыруға деген қызығушылық білдірілді және Қазақстан-Люксембург іс-шараларын ұйымдастыруда көмек көрсетуге дайын екені айтылды.

Т.Теннинамен болған сұхбат екі ел арасындағы парламенттік ынтымақтастықты күшейтуге арналды. Екі ел парламенттері арасында іс сапарларды ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілді.

2024 жылдың 9 айында Люксембургтен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 472,3 млн АҚШ долларын құрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -