5573 әскери бөлімінің жауынгерлері елорда полициясымен бірлескен қызметі барысында жаралы азаматқа алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Байқоңыр ауданындағы тұрғын үйлердің маңынан сарбаздар жерде жатқан ер адамды тауып алған. Қоғамдық тәртіп сақшылары жаралы азаматты дер кезінде медицина қызметкерлеріне табыстады.
Осылайша, ұландықтар ауа райының суықтығына қарамастан жедел әрекет ету арқылы адам өміріне араша түсті. Осы оқиғаға куә болған қала тұрғындарының бірі әскери қызметшілердің жанашыр іс-әрекетін видеоға түсірген.
Айта кетейік, елордалық бригада жауынгерлері Астана қаласының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруды белсенді жалғастыруда.