Бүгінде елімізде ұлы жеңістің 80 жылдығына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері де аталмыш акциядан тыс қалмады. Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні «Жеңіске 100 күн қалды» акция аясында ұландықтар Қостанай қаласындағы «Mart» сауда үйінде мерекелік концерт берді.
Іс-шара аясында жеңіс жылдарындағы әндер шырқалып, қала тұрғындарының көңіл күйлері көтерілді.
- Ұлттық ұлан сарбаздары бүгінде бізге керемет көңіл күй сыйлады. Күтпеген жерден болған бұл концерт біз үшін үлкен бақыт есебінде есептелді десем артық етпес. Ата-бабаларымыздың ерең ерлігін еске алуға көмектескен ұландықтарға мың алғыс - деп атап өтті қала тұрғыны.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша аталмыш іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты халыққа көңіл күй сыйлап, өскелең жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру.