Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі

1177
Фотосурет: Gov

1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Жыл сайын 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) бастамасымен түрлі елдерде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл күн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге, сондай-ақ халық пен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын арттыруға бағытталған және жыл сайын әртүрлі ұрандармен өткізіледі.

Жыл сайын Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен бұл күн жаңа ұранмен өтеді.

Биылғы жылы іс-шаралар «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен өтуде.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс айлығының жоспарын бекітті, ол тек мереке күні ғана емес, бүкіл наурыз айында халықты барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шараларды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласында халықты ақпараттандыру және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударады.

Азаматтық қорғаныс жөніндегі дүниежүзілік күн аясында елдің барлық өңірлерінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, дайындық тренингтері, тақырыптық дәрістер мен ашық сабақтар, сондай-ақ ақпараттық және оқыту материалдарын тарату арқылы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

Бұл жұмыс халықтың төтенше жағдайлардағы әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -