Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің 30 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
1 наурыз күні Президенттің Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің негізіне айналған бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толады.
Қазақстанда түрлі этнос пен мәдениет өкілдері өмір сүреді және олардың өзара құрметі, ынтымақтастығы мен ортақ игілікке ұмтылуы – Қазақстан халқын біріктіретін нағыз құндылық. Бұл бірлік еліміздің табысты болашағы мен мемлекеттілікті нығайтудың берік іргетасы болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы - достық, жасампаздық және даму тарихы.