Қазақстан халқы Ассамблеасының 30 жылдығы аталып өтті

1496
Фотосурет: assembly.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары мен өкілдері, Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.
Форум барысында спикерлер, Ассамблеяның белгілі қайраткерлері ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағы маңызды жетістіктерін, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөлін, сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңыздылығы мен мазмұнын талқылады

Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еліміздің барлық өңірлерінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -