Алматылықтар Алғыс айту күнін мерекелік концертпен атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматыда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Алғысым саған, Қазақстан!» мерекелік концерті өтті.
Бағдарламаға танымал артистердің өнері, биі және поэтикалық қойылымдары енді.
«Алатау» театрында «Салтанат» ансамблі, «Ұлытау» этно-рок тобы, «KeшYOU» тобы, «IL Canto» квартеті, «Дервиши» тобы және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті. Концерт барысында туған жерге деген сүйіспеншілік, алғыс пен бірлік туралы әндер шырқалды.
Іс-шара аясында қала мәдениеті мен қоғамдық өмірінің дамуына үлес қосқан Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер өкілдері марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кеш соңында «Атамекен» әні шырқалып, достық пен өзара түсіністіктің маңыздылығын тағы бір рет еске салды.