Алғыс айту күнінде Байқоңыр ауданының қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, коммуналдық сала қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Оларға ыстық ас беріліп, күнделікті еңбектеріне алғыс айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кез келген ауа райы жағдайына қарамастан күн сайын қала тазалығы үшін еңбек етеді. Оларсыз елорданың жайлы өмірін елестету мүмкін емес. Жауапты жұмыстары үшін алғысымыз шексіз», - деп атап өтті Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Азамат Малыбаев.
Мұндай іс-шаралар қаланың тазалығы мен жайлылығына жауапты адамдардың еңбегіне алғыс пен құрмет көрсету мәдениетін нығайтуға септігін тигізеді.
Еске салайық, 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс күні. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен ерекшеленді. Осы есте қаларлық датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.