FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге науқан жариялайды

1947
Фотосурет: t.me/flyarystan_inform

Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге  25 000 теңгеден басталатын жеңілдіктер науқанын жариялайды. Науқан Қазақстаннан Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне және кері бағыттағы рейстерін қамтиды, деп хабарлайды DKnews.kz.

3 наурыз сағат 14:00-ден 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін әуебилеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасынан және басқа сату арналарынан сатып алуға болады. 

Жеңілдікпен билеттер келесі халықаралық бағыттарға жарамды:

2025 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында:

  • Кутаисиден Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына және кері бағытта;
  • Ташкенттен Астанаға және кері бағытта;
  • Бакудан Ақтауға және кері бағытта;
  • Ыстамбұлдан Ақтауға және кері бағытта;
  • Үрімшіден Астанаға және кері бағытта.

2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында:

  • Ыстамбұлдан Қарағандыға және кері бағытта;
  • Бакудан Астанаға және кері бағытта;
  • Бішкектен Астанаға және кері бағытта.

FlyArystan саяхаттарды алдын ала жоспарлап, әуебилеттерді тиімді бағамен сатып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, әуекомпаниясы бір бағытқа ұшу билеті салмағы 5 кг, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ді құрайтын бір дана қолжүгін және борттағы кездейсоқ орынды қамтитынын еске салады. Басқа қажетті қосымша қызметтерді жолаушылар компанияның ресми сайтынан немесе FlyArystan қосымшасынан сатып ала алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -