Шымкенттің әскери қызметшілері ардагерді Алғыс күнімен құттықтады

1749
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

1 наурыз - Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Шымкент қаласы бойынша «Қарулы күштер ардагерлері» кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев, қалалық ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Егоровна Мосуноваға қонаққа барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында Серікбай Оңбаев қаланың әскери қызметкерлері мен ардагерлері атынан Нина Егоровнаға ерлігі үшін шексіз алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Әже құттықтауларды ықыласпен қабыл алып, қонақтарға ілтипат білдіргендері үшін алғысын білдірді, қызметте табыс тіледі және соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісе отырып, тарихтың қиын кезеңдеріндегі қайсарлық пен батылдығының маңыздылығын атап өтті. Жас ұрпаққа патриоттық, Отанға деген адалдықтың маңыздылығын еске салып, ақ батасын берді.

Нина Егоровна Покрово-Урустаман (Татарстан) ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы қиын жылдарда өтті - үйден айырылғаннан кейін отбасы ауыр сынақтар мен аштықты басташ кешірді. Соғыс басталғанда Нина әже небәрі 17 жаста еді. Әкесі майданға кеткеннен кейін Нина да әскерге шақырылып, радистердің жеделдетілген курстарына жіберілді. Ол Морзе әлеппесін тез меңгерді, тіпті жылдар өтсе де, оның қолдары сигналдар мен кодтарды естен шығармаған. Еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында ол көп ұзамай бөлімше командирі болған. Қызметтің көптеген егжей-тегжейлері құпия күйінде қалды, бірақ ол үшін ең қорқынышты сәттер жаудың оқ астында байланыс жасап, ақпарат жіберу болды.

1945 жылдың жазында Нина Егоровна туған ауылына оралса да, үш жылдан соң Шымкентке нағашы жұртына қонаққа барады. Ол жайлы, жасыл қаланы ұнатқаны сонша, сол қалада қалуды шешкен. «Взрывпром» ұйымына машинистка болып жұмысқа орналасып, отбасын құрады. Қызының қайғылы қазасынан кейін күйеуі екеуі үш немерелерін асырап, оларға тірек болып, нағыз аналарындай тәрбие берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -