Павлодарда Ұлттық ұлан оркестрі сауда орталығында концерт өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің оркестрі қаладағы қоғамдық шараларға белсене қатысады.
Әскери оркестр таяуда «Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы аясында қаладағы қарттар үйіне барып, соғыс жылдарындағы әндерді орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген болатын.
Ұландықтардың кезекті концерті Павлодар қа қаласындағы сауда орталықтарының бірінде өтті.
"Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігін мәңгі есте сақтау және болашақ ұрпаққа оларды жеткізу. Бізде әлі бұл бағытта жоспарланған бірқатар жүйелі жобалар бар. Әскери бөлім шахардағы қоғам тыныштығын қамтамасыз етуден бөлек, қала тұрғындарының бойына патриоттық сезім дарытуда сүбелі үлес қосып келеді" 5512 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Рүстем Габдулин
Халық нөпірі көп ғимаратта оркестрдің кәсіби деңгейде орындаған туындылары көпшілікке көтеріңкі күй сыйлады.
Алуан түрлі музыкалық аспаптың дауысын ести сала, өнерпаздарға қызығушылық танытқан қала тұрғындарының саны лезде артып кетті. Тіпті, кезекті бағдарламасын аяқтаған оркестрге тағы да өнер көрсетулерін сұрап, қолқа салғандар да болды.