Қазақстанда алғаш рет соңғы буындағы аорталық клапан орнатылды

1584
Фотосурет: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 7 жыл бойы гемодиализде жүрген 71 жастағы науқасқа аорталық қақпақша орнатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Бүгін институтта 77, 76, 71 жастағы үш пациентке соңғы буынғы қолқа клапаны имплантацияланды. Қолқа стенозы - егде жастағы адамдарда жиі кездесетін жүрек ақауы, олар үшін өте қауіпті, себебі кенеттен өлімге әкелуі мүмкін.

71 жастағы науқас әйел ұзақ уақыт бойы - 7 жылдан бері гемодиализде жүр. Ол қолқа қақпақшасының стенозы, митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, асқынулардың даму қаупі өте жоғары артериялық гипертензияның 3 сатысы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан және 2024 жылдың желтоқсанында инфарктқа ұшыраған. Оны аз физикалық күш түскенде де тыныштықта да сақталатын ентігу және ауа жетіспеушілік мазалаған, тез шаршау, жалпы әлсіздік, жатқан кезде күшейетін тыныс алудың қиындауынан кереует басын жоғары көтеріп тұруға мәжбүр болған.

Осы жылдың қаңтар айында стент қойылды, бірақ денсаулығы жақсармады, ентігуі басылмады. Оның жағдайын жеңілдету үшін дәрігерлер тәуекелге барып, оған ота жасау қажет, деп шешті. Клиниканың интервенциялық кардиологтарының үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсібилігі ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Барлық операциялар сәтті өтті.

Соңғы буынғы қолқа клапанын клиниканың интервенциялық кардиологтары Санкт-Петербург қ. В.Алмазов атындағы ҰМЗО рентгенхирургиялық диагностика мен емдеудің әдістері бөлімшесінің меңгерушісі  Дмитрий Зубаревпен бірге имплантациялады.

«Бұл операция қолқа стенозы бар науқастарды емдеудегі маңызды қадам болды және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Соңғы буынғы қолқа клапанын имплантациялау - маңызды жетістіктеріміздің бірі. Денсаулығы мен өмірін бізге сеніп тапсырған пациенттерге жақсы күтім мен емдеуді қамтамасыз ету үшін кардиологияға инновациялық технологияларды үздіксіз енгізудеміз», - дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Заманауи транскатетерлі қолқа клапаны қолқа стенозын емдеуге арналған. Ол орналасу дәлдігімен ерекшеленеді, бұл коронарлық артерияларға кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

«Бұл минималды инвазивті процедура: клапанды имплантациялау кішігірім кесу арқылы жүреді, бұл пациенттің қалпына келу уақытын дәстүрлі операциялармен салыстырғанда едәуір қысқартады», - дейді институттың рентгенэндоваскулярлық блок меңгерушісі Алексей Колесников. Имплантациядан кейін пациенттер ентігу, шаршау және т. б. сияқты белгілерден арылып, қалыпты өмірге оралады.

Бұл клапан - кардиология саласындағы озық технологиялардың нәтижесі. Жеке бейімделу: клапан пациенттің анатомиясына бейімделуге мүмкіндік беретін, оңтайлы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін ерекше дизайнда жасалған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -