Цифрлық дәуірдегі азаматтарды қорғау: Алматы прокуратурасы мен MT-S күш-жігерді біріктіруде

3322
Фотосурет: @GenPr

Алматыда қала прокуратурасы мен MT-S (Tele2/Altel) компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Меморандум, кәмелетке толмағандарды зиянды контент пен интернет-қауіптерден қорғауға бағытталған.

Жасалған келісім цифрлық қауіпсіздікті дамытудағы және профилактиканың заманауи құралдарын енгізудегі маңызды қадам болды.

Қала прокуроры Серік Кәріпбеков, бұл саладағы тиімді серіктестік азаматтарды қорғаудың сенімді тетіктерін қалыптастыруға және киберқауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар қауіпсіз цифрлық кеңістікті құруға ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізуге белсенді түрде жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, қол қою рәсіміне бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қатысты.

Аталған меморандум цифрлық дәуірде азаматтарды қорғаудың сенімді жүйесін құру жолындағы қадам болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -