Қонаев гарнизонында гуманитарлық минадан тазарту курсы өтті

2387
Фотосурет: Gov

Минадан тазарту орталығында Қарулы күштердің он төрт әскери қызметшісіне оқ-дәрілер мен жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру және жою курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шаралар әскери қызметшілерді Голан жоталарында бітімгерлік миссияны орындауға даярлау шеңберінде өтті, бітімгерлер онда жарылмаған снарядтардан, жарылыс қаупі бар заттар мен миналардан болатын қатерлерді жою, жергілікті халыққа көмек көрсету міндеттерін орындауы тиіс.   

Сабақтарда әскери қызметшілер әртүрлі жарылғыш заттардың жіктелуін, құрамы мен сипаттамаларын, оларды есепке алу және қолдану тәртібін үйренді. Жару жұмыстарын жүргізу және жарылу қаупі бар заттарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын оқытуға жіті назар аударылды Қонаев гарнизоны Минадан тазарту орталығының бастығы полковник Самат Мұханов

Практикалық жаттығулар кезінде «Жағалау» оқу-жаттығу полигонындағы арнайы жабдықталған жару алаңында әскери қызметшілер зарядтарды жаруды ату және тоқ қуаты арқылы жеке-жеке іске асырды.

Гуманитарлық минадан тазарту курсы аяқталғаннан кейін әскери қызметшілерге біліктілікті арттырғаны туралы куәліктер табыс етілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -