Елордада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тараптар Қазақстандағы «жасыл» трансформация мәселелерін талқылап, тұрақты авиациялық отын (SAF) өндірісін дамытуға ерекше назар аударды.
Қазақстандық тарап жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызатын экологиялық тұрақты жобаларды жүзеге асыруға өзінің бейілділігін атап өтті.
«ҚазМұнайГаз» SAF өндірісін іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ ICF-тің биоэтанолды SAF-қа қайта өңдейтін зауыт салу жөніндегі ұсыныстары мен Bio Operations зауытында биоэтанол өндірісін кеңейту жоспарлары айтылды.
«Қазақстан тұрақты авиациялық отын өндіретін зауыт салуға дайын екенін көрсетіп, таза энергетиканы дамыту үшін жағдай жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Біз барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуынсыз энергияның ауысуы мүмкін емес екеніне сенімдіміз. Қазақстан барлық деңгейде ынтымақтастыққа дайын» Алмасадам Сәтқалиев
Кездесу тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және Қазақстанның жасыл энрегетика саласында аймақтағы жетекші орынға ұмтылысын көрсетеді.