«Таза Қазақстан»: Алматы кәсіпкерлері экологиялық акцияға қосылды

1540
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыдағы коммерциялық нысандар республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Алматы – ортақ үйіміз» экологиялық акциясына қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаладағы сауда орталықтарының бірі «Жауапты бизнес – көрікті қала» бастамасына белсенді түрде атсалысып отыр. Акцияға сауда орталығының барлық қызметкері – шамамен 40 адам қатысуда.

Сауда орталығының аға менеджері Андрей Покотиловтың айтуынша, күн сайын аумақты тазалау, витриналарды жуу және автотұрақтарды жинау жұмыстары жүргізіледі. Күн жылынған соң ағаш отырғызу мен субұрқақты қайта жаңарту жоспарланған.

СОО тазалау жұмыстарын тиімді жүргізу үшін заманауи жуу машиналарын сатып алды.

Қаланың коммерциялық нысандары экологиялық бастамаларды әрі қарай да қолдап, қаланың тазалығы мен жайлылығына үлес қосуды көздеп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -