Қазақстанда жаңа буын аудиторлары даярлануда

3872
Фотосурет: auditpalatasy

Қазақстанда болашақ және жұмыс істеп жүрген аудиторлар үшін жаңа оқулық жарық көрді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Студенттерге, оқытушылар мен практик мамандарға арналған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит» атты жаңа оқулық жарық көрді. Оқулықтың таныстырылымы Жоғары аудиторлық палатада өтті.

Оқулықты ғылыми орта, академиялық қоғамдастық өкілдері және жұмыс істеп жүрген аудиторлардан тұратын авторлар ұжымының қатысуымен Жоғары аудиторлық палата шығарды. Авторлар арасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Айбота Рахметова; экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Анар Есенгелдина; экономика ғылымдарының кандидаты Зәмзәгүл Жаныбаева; ҚР аудиторлар одағының мүшесі Раушан Малгаждарова және басқалары бар.

Оқулықтың таныстырылымына сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінің деканы Аида Жағыпарова, мемлекеттік аудит кафедрасының меңгерушісі Ляззат Сембиева, кафедра оқытушылары мен студенттері, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің проректоры Мәдина Өмірқұлова және оқытушылары, Жоғары аудиторлық палата мен Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының қызметкерлері қатысты. 

Үздік халықаралық стандарттар ескеріле отырып дайындалған басылымда мемлекеттік аудит жүйесінің теориялық негіздері мен практикалық әдістері, заманауи әлемдік трендтер және электрондық аудит, ESG-аудит, орнықты даму мақсаттарына жүргізілетін аудит және IT-аудит сияқты аудитті дамытудың өзекті бағыттары ұсынылған. 

Кездесу барысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бүгінде аудит мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты жаңа білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. 

Оның айтуынша, жаңа оқулық студенттер мен жұмыс істеп жүрген аудиторларға іс жүзінде сұранысқа ие білімді игеруге, сондай-ақ нақты аудиторлық жұмысқа оңай бейімделуге мүмкіндік береді. 

«Біз жастарға, яғни болашақ аудиторларға үлкен үміт артамыз. Олар қазір білім алып, кәсіби өмірін бастауға дайындалуда. Сіздердің идеяларыңыз бен жаңа көзқарастарыңыз еліміздегі мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал ететініне сенімдімін» Әлихан Смайылов 

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік аудитті дамытудың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -