Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қонақтар ретінде түрлі мамандық иелері, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері шақырылды.
Оларға жергілікті ұжымдар мен танымал қазақстандық әртістер өз шығармашылықтарын тарту етті.
Залда мерекелік көңіл-күй орнады. Бірде-бір көрермен гүлсіз қалған жоқ.
– Бүгін бұл залда бүкіл облысымыз мақтан тұтатын әйелдер жиналған. Сіздердің жетістіктеріңіз зор, сіздердің үлгілеріңіз шабыт береді. Даналықтарыңыз, кәсіби біліктіліктеріңіз және әлемді мейірімді еткендеріңіз үшін рахмет! Сіздердің уақыттарыңыз, идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндіктеріңіз, қуаныштарыңыз көп болсын! – деп құттықтады сахнадан облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Концерт жүргізушісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин әйелдерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қарағандылықтар үшін "Қазақстан дауысы. Балалар","Алашстар” халықаралық байқауының бас жүлдегері Әнуар Берік, ASTANA MUSICAL мемлекеттік театрының актрисасы Камилла Оспан, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аиша өнер көрсетті.