«Әлемнің жарығы»: 8 наурызға арналған мерекелік концерт Астанада өтті

3960
Фотосурет: Gov

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нәзікжандылар үшін эстрада жұлдыздары танымал әндерін орындады, сол сияқты музыкалық қойылымдар мен ұмытылмас шоулардан тұратын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Концертке танымал әншілер – Тамара Асар, Клара Төленбаева, Әлішер Кәрімов, Nazzarbeck, Илхан Ихсан, Құрмаш Махан және т.б. қатысты.

«Әлемнің жарығы» шарасына елордалық медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері, ұстаздар, еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, әскери қызметкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері және т.б. қатысты.

«Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын шақ, ал наурыз – жылу мен нұр сыйлайтын көктемнің алғашқы айы. Бұл айда біз ең ерекше мереке – Халықаралық әйелдер күнін атап өтуіміздің де өзіндік құпиясы бар! Әйел – өмірдің қайнар көзі. Ол өмір сыйлайды, ұрпақ тәрбиелеп өсіреді. Әйел – күш. Оның энергиясы әлемді өзгертуге, шабыттандыруға қабілетті», – деді концерт ұйымдастырушылары.

Бұл концерт әрбір әйел үшін шынайы алғыс пен сүйіспеншіліктің символына айналды, олардың махаббат, мейірімділік пен келісімнің қайнар көзі ретіндегі рөлін мойындайды.

Айта кетейік, 8 наурыз мерекесіне орай Астанада бірқатар мәдени іс-шара өтіп жатыр, олардың арасында концерттер, көрмелер, челлендж және т.б. бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -