ҚР ІІМ Ұлттық ұланы спорт командасының мүшесі ефрейтор Абиба Әбужақынова Линцте (Австрия) өтіп жатқан дзюдодан Әлемдік Гран-приде Қазақстанға алтын медаль алып келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Турнир финалында Әбужақынова жапондық Сачие Ешиноны 10-1 есебімен жеңіп, ең жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Шешуші жекпе-жекке дейін қазақстандық спортшы Мизуки Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия) және Эмбер Герсджес (Нидерланды) секілді қарсыластарын сенімді жеңді.
Беделді турнирге 52 елден 416 дзюдошы қатысуда, ал Қазақстан атынан 14 спортшы бар. Әбужақынованың жеңісі біздің команданың позициясын нығайтып қана қоймай, әлемдік аренада қазақстандық дзюдоның жоғары деңгейінің кезекті дәлелі болды.
Әбиба Әбужақынова 3-ші дан (IJF) иегері және жетістіктерінің рекорды айтарлықтай: 2022 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Қазіргі уақытта ол спорт командасын даярлау орталығының аға маманы (дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушысы).
Қазақстандық дзюдошының әлемдік аренадағы жеңісі — оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар ұлттық спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі. Қазақстан өз чемпиондарын мақтан тұтады және Абиба Әбужақынованың жетістігі спортшылардың жас буынын жаңа жетістіктерге шабыттандырады!