Қазақстан және ТМД: заңнамалық ынтымақтастықты нығайту

3234
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Алтынбек Нухұлы мен Ләззат Рысбекова Санкт-Петербургте өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сенатор Алтынбек Нухұлы Ғылым және білім жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеді. Отырыс барысында «Жасанды интеллект технологиялары туралы» үлгі заң жобасы, ТМД-ға мүше мемлекеттерге арналған үлгі Білім кодексіне енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ жас дарындарды дамыту және қолдау жүйесін нормативтік-құқықтық реттеу мен академиялық ұтқырлыққа қатысты ұсыныстар талқыланды.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Ләззат Рысбекова ТМД-ға мүше мемлекеттерге арналған үлгі Салық кодексінің Арнаулы бөлімінің жобасын талқылауға қатысты. Сенатор сондай-ақ «Стратегиялық жоспарлау туралы» және «Стандарттау туралы» үлгі заңдарды әзірлеуге байланысты мәселелерге назар аударды.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Қазақстан парламентшілерінің ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссияларындағы жұмысы қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және түрлі саладағы құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -