Екі тәулік ішінде 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

1683
Фотосурет: Gov

Мереке күндері қар құрсауынан 300-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өткен екі тәулік ішінде ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары 318 адамды, оның ішінде 62 баланы құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ 38 автомашинаны қар құрсауынан шығарды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 142 шығу жасалды.

Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.

Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына тап болған 13 адам эвакуацияланды

8 наурызда Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Алматы-Ташкент-Термез» трассасының жабық учаскесінде техникалық ақаулығы себебінен тұрып қалған жол талғамайтын автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 1 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады. Ал Ақтөбе облысы Баганин ауданының Көкбұлақ ауылынан 15 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен  ТЖМ құтқарушылары 5 адамды жақын елді мекенге эвакуациялады.  Оған қоса Алматы облысы Кеген ауданы Жалаулы ауылының маңында қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 1 адамды эвакуациялап құтқарды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ әскери қызметшілері ауыр жүк көліктеріне көмекке келді

8 наурызда Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Дон-Бадамша» автожолында жүк көліктері қар құрсауында қалды. ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қар құрсауынан 5 жүк көлігін шығарды. Медициналық көмекке ешкім  мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ құтқарушылары 120 адамды эвакуациялады

8 наурызда Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылының маңында жолдың жабық учаскесінде көліктердің кептелісі орын алды, 2 автобус жолда қалып қойды. ТЖМ құтқарушылары ішінде 19 бала бар 120 жолаушыны жақын жылыту пунктіне эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ. Азаматтар құтқарушыларға жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.

ТЖМ қызметкерлері 4 адамды қар құрсауынан құтқарды

8 наурызда Ақмола облысы Жақсы ауданы "Атбасар-Жаңа Қима" автожолында ТЖМ күштері қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. ТЖМ қызметкерлері жолда тұрып қалған жеңіл автокөлікті тауып алды. Оларды жолға сүйреп шығарды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ШҚО-да ТЖМ құтқарушылары 4 адамды эвакуациялады

8 наурызда Күршім ауданында Құйған ауылынан 5 шақырым жерде екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жедел түрде жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жетіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауынан Күршім ауылына 4 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды

8 наурызда Кербұлақ ауданында, «Сарыөзек-Қарашоқы» тасжолының 25-шақырымында қарға батып қалған жеңіл көлік туралы хабарлама келіп түсті. Көмек сұралған бойда ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына аттанды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қар құрсауынан 4 жеңіл көлік шығарылып, 12 адам аман-есен құтқарылды! Барлығы ересектер, зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер сапарларын өз бағыттары бойынша жалғастырды.

ТЖМ құтқарушылары шетел азаматына көмекке келді

8 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолында Өзбекстан Республикасының азаматының автокөлігі сынып қалды. Содан кейін ол 112 қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрады.

Құтқарушылар жедел түрде көмекке келіп, оны Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

"Менің көлігім Балқаш қаласынан Қарағандыға қарай 42 шақырым жерде сынып қалды. Дала суық, боран мен қар болды. Көліктің пеші де жұмыс істемейді. Мен өзімді нашар сезініп, 112 жедел қызметіне қоңырау шалдым. ТЖМ қызметкерлері уақытында келіп, мені Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізді. Мен ТЖМ қызметкерлеріне ризамын. Бәрі жақсы, рахмет", - деді құтқарылған адам.

Қарағанды облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

9 наурызда Бұхар-Жырау ауданында Құрылыс ауылының маңында қар құрсауында 4 адам мінген жеңіл көлік тұрып қалды. Құтқарушылар жол талғамайтын Трэкол көлігімен оларға жетіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалған жолаушыға көмекке келді

9 наурызда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Ырғыз-Нұра» автожолының 80 шақырымында Газель маркалы көлігі қар құрсауында тұрып қалды. ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен көлікті тазартылған жолға сүйреп шығарды. Жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Ұлытау облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

9 наурызда Жаңаарқа ауданында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде «Қарағанды-Самарка-Атасу-Айнабұлақ» автожолының жабық учаскесінде адамдар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды. ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды

9 наурызда Абай ауданында Ақбастау ауылынан 5 шақырым жерде қар құрсауында 3 жеңіл көлік тұрып қалды. Құтқарушылар оларға жетіп, Ақбастау ауылына 5 адамды жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды

9 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Қарой ауылының маңындағы «Марқакөл-Қарой» тас жолында жеңіл автокөлігі жолдан шығып кеткен. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына келіп,  жақын маңдағы елді мекенге 4 адамды, оның ішінде 2 баланы жеткізілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Павлодар облысында құтқарушылар төрт адамды қар құрсауынан құтқарды

9 наурызда 112 пультіне Жасыбай демалыс аймағынан 10 шақырым жерде жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, өз жолын жалғастыра алмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар 4 адамы бар көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады. Жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірді.

ТЖМ құтқарушылары 100 адамды құтқарды

10 наурызда түнде Абай облысы «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасының» автожол учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке келді. Құтқарушылар Аягөз қ. уақытша орналастыру пунктіне салонында 100 адам, оның ішінде 18 бала болған 5 жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.

ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -