Қазақстанда ауылшаруашылық машина жасау өнімдерінің өндірісі артты

2321
Фотосурет: primeminister.kz

2025 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 15,5 млрд теңгеге өнім өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Өндірістің нақты көлем индексі 161%-ды құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өсім негізінен астық жинайтын комбайндар өндірісінің 3,5 есеге, ал ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісінің 22%-ға артуының есебінен қамтамасыз етілді.

Өндіріс көлемі артқан өңірлердегі негізгі кәсіпорындар – Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ мен «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, сондай-ақ Көкшетаудағы «Қазақстан Аграрлық Инновациялық Корпорациясы».

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -