Мемлекет мүддесін қорғау: Шымкент прокуроры әділеттілікке қол жеткізді

2354
Фотосурет: © Sputnik / Максим Маслов

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүддесін қорғау болып табылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллион теңгеден астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын  қанағаттандырды.  

Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) қылмыстық істі сотқа жолдаған.

Сот талқылауы барысында «A» ЖШС-ның басшысы мемлекеттке келтірілген 261 млн теңге залалды өтеген.

Соттың үкімімен «A» ЖШС-ның басшысы кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының талаптарын ескеріп 2 жыл 6 айға шартты түрдегі жазасы тағайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -