Қазақстанда жылыту маусымы аяқталуға жақын

3124
Фотосурет: freepik

Көмір қоймаларында отын қоры шамамен 442,4 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024-2025 жылыту маусымы тұрақты өтуде және сәтті аяқталуға жақын.

Коммуналдық-тұрмыстық секторға және халыққа көмір жеткізу жоспарлы режимде өтуде.

2025 жылғы 12 наурызға шамамен 7,84 млн. тонна көмір жеткізілді. Жылдық жоспарды 99,7%-ға орындалды.

Елдің көмір тұйықтарындағы отын қоры шамамен 442,4 мың тонна түрлі маркалы көмірді құрайды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанынан жергілікті атқарушы органдармен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және көмір өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы күн сайын өткізіледі.

Өңірлерге көмірді тиеуді қамтамасыз ету, теміржол тұйықтары мен қоймаларында көмір қорларының болуы, жолда тиелген және күтілетін вагондардың саны, тұтынушыларға көмір өндіру және тасымалдау бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша мониторинг жүргізіледі.

Өңірлерде көмір бағасының мониторингі жүзеге асырылады. Көмірдің құны өткен жылыту маусымы деңгейінде сақталды.

Өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ерекше бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -