Қазақстан Елшісі Дәулет Батырашев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Загребте 2024 жылғы қарашада өткен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.
Өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер және БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.
Г. Грлич Родман Хорватия тарапының Қазақстанмен өзара іс-қимылды тереңдетуге бейілділігін растады және ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Астанаға сапармен келуге ниет білдіргенін мәлімдеді.