«Таза Қазақстан»: Алматыда ауқымды дератизация жұмыстары жүргізілуде

1265
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында кеміргіштерге қарсы ауқымды дератизация қолға алынды, деп хабарлайды DKnews.kz.

5 наурыз бен 5 сәуір аралығында сегіз аудандағы жасыл желектер, өзен жағалаулары, арықтар, аялдамалар және қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдарда кеміргіштерге қарсы улау жұмыстары жүргізіледі. Жеке сектор тұрғындары улы жемді тегін ала алады.

Инфекциялық аурулардың алдын алу үшін дератизация жылына екі рет жасалады. Қоқысты жою, кәріз жүйесін жөндеу және жертөлелерді тазарту жұмыстары қатар жүргізіліп отыр. 

10-16 наурыз аралығында «Таза саябақтар мен скверлер» апталығы өтеді. Оның аясында сенбіліктер, көгалдандыру шаралары, экологиялық дәрістер, шеберлік дәрістері, плоггинг және мерзімі өткен дәрі-дәрмекті жинау ұйымдастырылады. Акцияға 445 саябақ, сквер және жағалау аумақтары қатысады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қала тұрғындарының экологиялық сауатын арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -