Қазақстан мен ЕО көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

1353
Фотосурет: Gov

Көлік министрі Марат Қарабаев Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеламен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Еуропалық комиссардың Астанаға алғашқы сапары аясында тараптар көлік саласындағы бірқатар мәселені, атап айтқанда ТХКБ, ТЕН-Т дәліздерін, әуе көлігі мен теңіз порттарын талқылады.

Қазақстандағы өңірлік маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыратын Еуропалық Global Gateway стратегиясына баса назар аударылды.

Ынтымақтастықты одан әрі нығайту ұзақ мерзімді перспективада Еуропа одағы мен Орталық Азия арасындағы өзара байланыстың жақсаруына әкеледі деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -