"Наурызнама" онкүндігі: Қарулы күштерде игі істер марафоныны басталды

1903
Фотосурет: Gov

"Наурызнама" онкүндігінің екінші күні барлық гарнизондарда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, әлеуметтік мекемелерге, ауруханаларға барумен, сондай-ақ әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастырумен қайырымдылық іс-шаралары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Гвардейск гарнизонның танкистері Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Олар қонаққа концерттік бағдарламалармен және сыйлықтармен келді.

Әскер әрқашан халықпен бірге. Біздің міндетіміз – елді қорғау ғана емес, сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесу. Аға ұрпақты құрметтеу, қамқорлық пен мейірімділік көрсету ол тұрақты құндылықтар. Мұндай кездесулер біз үшін тек бір реттік акция емес, жалғасын табатын игі дәстүр Бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Думан Біләлов

Танк бригадасының әскери қызметшілері қазақ халық әндерін, сондай-ақ аға ұрпақтың жандарына жақын, танымал композицияларды орындады. Сонымен қатар, танкистер мекеме қызметкерлеріне аумақты абаттандыруға көмектесті. Көрсетілген қамқорлықтары үшін оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Айнұр Алматаева шын жүректен алғысын білдірді.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының оқытушылары мен курсанттары да қайырымдылық күні қарттарға арналған әлеуметтік мекемеге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барды. Әскерилер оларға сыйлықтар әкелді, ал ең бастысы жылулық және қамқорлықтарымен бөлісті. Болашақ офицерлер концерт ұйымдастырып, оларға жарқын әсер мен тамаша көңіл-күй сыйлады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -