«Аналар жүрегі» РҚБ өкілі елордадағы Ұлттық ұлан бригадасына барды

1925
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әскерилерді қолдау жұмысы аясында «Аналар жүрегі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Фарида Баубекова ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери қызметшілермен кездесу жылы атмосферада өтті. Әңгіме қызмет барысы, жеке даму және сарбаздардың болашақ жоспарлары сияқты маңызды тақырыптарды қамтыды.

Ұландықтар әскери қызметтің өмірлеріне оң әсер еткенін және бойларында тәртіп, күш әрі сенімділік секілді қасиеттердің қалыптасқанын айтты. Кейбірі Ұлттық ұлан Академиясына түсіп, әскери мансапты жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.

Кездесу барысында психологиялық аспектілер де қозғалды. Фарида Баубекова әйелдерге тән сырларымен бөлісіп, қыздардың ер азаматтардың тек сыртқы келбетіне ғана емес, сондай-ақ олардың физикалық дайындығына да мән беретінін айтты. Сондықтан сарбаздардың әрдайым жақсы физикалық дайындығының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Бұдан бөлек, қоғамдық бірлестік өкілі әскери бөлімнің нысандарын аралады. Ол 350 адамға арналған сарбаздар асханасына барып, оның жағдайымен танысты.

Кездесу аясында 11 медициналық маман қызмет ететін әскери лазарет те назардан тыс қалмады. «Аналар жүрегі» өкілі қабылдау бөлімінің жұмысымен және палаталармен танысты. Роталардың үй-жайын көріп, сарбаздармен әлеуметтік мәселелерді талқылады.

Бүгінгі кездесу тағы бір мәрте маған біздің сарбаздарымыздың қайсар, талапты және жауапты азаматтар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар бұл жерде аналардың рөлі аса маңызды екенін айтпай кетуге болмас , өйткені олар ұлдарын әскерден асыға күтеді. Ең батыл жүрек – мейірім мен сенімге толы ана жүрегі. Сол себепті сарбаздар жақын адамдарының оларды әрдайым үйде күтетіндерін және мақтан тұтатындарын білулері тиіс Фарида Баубекова

Айта кетейік, Ұлттық ұлан әскери қызметшілер үшін қолайлы жағдай жасауды, олардың моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуды және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын жалғастырып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -