Қарулы күштерде мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің мамандарына құрмет көрсетілді

1639
Фотосурет: Gov

Он бесінші наурыз Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осыған орай ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға министрлік басшылығы, осы бағыттағы департаменттің жеке құрамы, әскери бөлімдердің МҚҚ бөлімшелері, қызмет ардагерлері мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері қатысты.

Оларға Әскери-тарихи музейге экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары тақырыптық экспозициялармен танысты. Атап айтқанда мұрағаттық құжаттар, ерекше шифрлау, кодтау және көмекші аппаратура, 1909 жылғы үлгідегі "Стайвер" баспа машинасы, техникалық құжаттамаға арналған сөмкелер, құпия поштаны беруге арналған люфт, М-125 десантшысының кодтау техникасы және тағы да басқа жәдігерлер қойылды. Әскери-үкіметтік байланыстың бастауында тұрған әскери қайраткер, кавалерия генералы Ғұбайдолла Жәңгіровке жеке стенд арналды.

Қатысушыларды кәсіби мерекемен ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтады.

Қарулы күштердің қалыптасып, даму тарихында  мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі маңызды орын алады. Оның жүйесін қалыптастыруға ардагерлер айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі уақыттағы цифрландыру заманында ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік мәселелері ерекше өзекті болып отыр. МҚҚ бөлімшелерінің қазіргі құрамы бұл міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде абыроймен атқарып келеді Асан Жүсіпов

Қорғаныс министрінің атынан мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің маманы күніне орай генерал-майор Асан Жүсіпов ардагерлер Владимир Метелев пен Айнаш Жайлаубаеваға алғыс хаттар табыс етті.

Бұдан бөлек, бірқатар әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары атынан грамотамен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -