Әлеуметтік мәселелерді шешу: азаматтардың өтініштері бақылауда

1452
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Аманат» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтардың онлайн қабылдауын өткізді. Ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген 10 адамның сұрақтары мен өтініштерін қарады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандықтар министрге халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, еңбек заңнамасын бұзу және ресми еңбек шартының болмауы және т. б. мәселелермен жүгінді, көтерілген проблемаларға қатысты ҚР заңнамасы бойынша түсіндірмелер берілді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, Министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -