Профилактикалық шаралар: тұмау мен ЖРВИ ауруларының қаупін қалай азайтуға болады?

1958
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай барлық негізгі инфекциялық аурулар бойынша тұрақты болып қала берудн. Елде тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, лептоспироз, листериоз, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Денге безгегі, құтыру аурулары тіркелмеген, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызылша мен көкжөтелге қатысты жағдай

Иммундауды күшейту жөніндегі шаралар, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 515 жағдайы тіркелді, оның ішінде ақпан айында 229 жағдай анықталды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 98,2%-ға төмендеуді білдіреді. Соңғы аптада қызылшаның 73 жағдайы тіркелді.

Ағымдағы жылдың басынан бері көкжөтелдің 129 жағдайы тіркелді, оның ішінде ақпан айында – 49 жағдай, бұл сырқаттанушылық деңгейінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 7 жағдайы тіркелді.

Қызылша мен көкжөтелдің көптеген жағдайлары вакцинацияланбаған балалардың арасында тіркеледі.

Вакцинациямен қамтуды мониторингтеу, вакциналардың қозғалысын есепке алу және оларды сақтау үшін Министрлік профилактикалық егулерді есепке алу жүйесін және барлық деңгейдегі суықтық тізбегі жүйесін цифрландыруды жүргізуде.

Денсаулық сақтау министрлігі: жрви мен тұмауға қарсы профилактика шаралары

Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,6 млн.астам жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 13%-ға аз. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2934 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді.

Тұмауға қарсы 2,3 млн.астам адам егілді, бұл ҚР халқының 11,6%-ын құрайды, ДДҰ ұсынған жағдайда кемінде 10%.

Ағымдағы эпидемиялық маусымның басынан бастап республика бойынша ЖРВИ тудыратын вирустарға 15 270 үлгі зерттелді, әртүрлі вирустардың, соның ішінде риновирус, вирус, аденовирус, паратұмау, метапневмовирус, бокавирус және басқалардың айналымы белгіленді.

2025 жылдың басынан бері елде COVID-19 коронавирустық инфекциясының 174 жағдайы тіркелді (169 КВИ+ жағдайы, 5 КВИ-жағдай), өлім жағдайлары жоқ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 6 есе төмендеуі байқалады.

Жалпы, ЖРВИ, тұмау, КВИ ауруларының алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын сақтауды ұсынады: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -