«Таза Қазақстан»: Астана спортшылары ерекше акция өткізді

1738
Фотосурет: Gov

Астана спортшылары «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясын қолдап, 1 минут ішінде белсенді әрі пайдалы әрекеттер жасауға болатынын көрсетті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олар Орталық саябақтағы серуен жолдарын қоқыстан тазартып, салауатты өмір салтын сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осылайша астаналықтар сүйікті қаласына деген қамқорлығын тағы бір мәрте дәлелдеп, экоакцияға қатысты.

«Менің ойымша, бір минут ішінде көп нәрсе істеуге болады. Мысалы, қоғамдық орындарда, автобуста, саябақта немесе жаттығу залында кез келген қоқысты жинап, тиісті орынға тастауға болады. Ал спортшылар үшін жаттығудан кейін пайдаланған жабдықтарын орнына қою – жақсы әдетке айналуы тиіс», – деді жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы Айдын Сапарханов.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025