2024 жылы Қазақстан экономикасына шетелдік компаниялар зор үлес қосуды жалғастырды, сол арқылы олар елдегі ірі инвесторлар, салық төлеушілер және технологиялық әрі экологиялық өзгерістердің қозғаушы күші ретінде қалып отыр. Олардың қызметі өнеркәсіптік өндірісті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті жеткізушілерді қолдауға және орнықты даму мен әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді. Мұндай компаниялардың қатарында ұзақ жылдар бойы Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан ірі халықаралық өндірушілер бар. Макроэкономикалық тұрақсыздыққа, нарықтағы ауытқулар мен тұтынушылар талғамының өзгеруіне қарамастан, олар орнықтылықты көрсетіп, ұзақмерзімді дамуға бағдарланғандарын дәлелдеп отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылдың қорытындылары бұл компаниялардың тек қаржылық және нарықтық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге олардың мемлекеттік бюджетке, экологиялық жобалар мен әлеуметтік бастамаларға қосқан нақты үлесін де саралауға мүмкіндік береді. Осы материалда нарықтағы ірі қатысушылардың бірі ретінде халықаралық бизнестің экономикалық тиімділікті қоршаған орта мен қоғамға жауапкершілікпен ұштастыра алатынын көрсететін нәтижелері ұсынылған.
2024 жыл: Carlsberg Kazakhstan үшін негізгі қорытындылар
2024 жыл Carlsberg Kazakhstan компаниясы үшін нарықтың төмендеп, тұтынушылық әдеттердің өзгеріп жатқан жағдайында орнықты ұстанымдарды сақтаған және белсенді әрекет еткен кезең болды. Компания сыртқы сынақтарға икемді бейімделіп, көшбасшылығын сақтады және елдің экономикасы мен экологиялық дамуына қосқан үлесін арттыра түсті.
Нарықтағы орны мен даму бағыттары
2024 жылдың қорытындысы бойынша Carlsberg Kazakhstan сатылым көлемі жағынан 35,8%-дық үлесімен Қазақстандағы сусындар өндірушілерінің арасында көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бұл ретте жалпы нарық 7,1%-ға төмендеді, ал санаттағы баға 14%-дан астам өсті.
Компания энергетикалық және функционалдық сусындар бағытына ерекше назар аударып, осы сегменттегі үздік үш көшбасшының қатарына енді. Қосымша пайдалы қасиеттері мен функционалдық сипаттамалары бар өнімдерге деген тұтынушылар қызығушылығының өсуі болашақта бұл санаттың дамуын қолдай түседі.
Экономикалық үлес және салықтық төлемдер
Компанияның қаржылық тұрақтылығы ел экономикасына қосқан елеулі үлесімен сипатталады. 2024 жылы Carlsberg Kazakhstan мемлекеттік бюджетке 32,4 млрд теңгеден астам салық және міндетті төлемдерді аударды. Бұл төлемдерге пайда салығы, ҚҚС, акциздер мен кедендік баждар кіреді, олар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және өңірлердің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Салық төлемдерінің көлемі бойынша компания Қазақстандағы ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына және шетелдік салық төлеушілер арасындағы үздік 20-лыққа кіреді. 2024 жылдың қарашасында Астанада өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелде компания «Ұзақмерзімді серіктестік үшін үздік инвестор» марапатын иеленді – бұл ел экономикасына жүйелі үлес қосып келе жатқандығын ресми мойындау белгісі.
2024 жылдың негізгі нарықтық үрдістері
Нарықта бөшкелік (құю арқылы сатылатын) сусындарға деген сұраныс 3 пайыздық тармаққа өсіп, 42%-ға жетті. Тұтынушылар құю арқылы сатылатын өнімдерді баға мен сапа арақатынасы және мамандандырылған дүкендерден алудың қолайлылығы үшін таңдайды. Қапталған өнімдер нарықтың 58%-ын құрайды, оның 70%-ы тасымалдауға және сақтауға ыңғайлы алюминий ыдыста шығарылады.
Бұдан бөлек, сату арналарының тепе-теңдігі қайта қаралды. Бірнеше жылдан бері алғаш рет дәстүрлі бөлшек сауда ірі сауда желілеріне орын бере қойған жоқ, өйткені желілік дүкендердің өсу қарқыны баяулап, онлайн-арналардың үлесі арта түсті.
Орнықты даму және экологиялық жобалар
Carlsberg Kazakhstan – Carlsberg Group-тың «Болашаққа бірге ұмтыламыз» атты ғаламдық бағдарламасының бір бөлігі. Бұл бағдарлама алты негізгі бағытты қамтиды: көміртек ізі нөлге тең, ауылшаруашылық ізі нөлге тең, қаптама қалдықтары нөлге тең, суды ысырап етуді нөлге теңестіру, жауапсыз тұтынуды нөлге теңестіру және өндірістегі жазатайым оқиғаларды нөлге теңестіру.
2024 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- 2022 жылмен салыстырғанда құн жасау тізбегіндегі CO2 шығарындылары 3%-ға азайды.
- Регенеративті арпаны сатып алу көлемі екі есеге жуық ұлғайып, 2023 жылы 6 000 тоннадан 2024 жылы 12 000 тоннаға жетті.
- Қаптаманы жинау және өңдеу деңгейі 76%-ға дейін көтерілді.
- Жоғары тәуекелді аймақтарда пайдаланылған судың 16%-ы арнайы бағдарламалар арқылы қайта толықтырылды.
- Табиғи ашыту жолымен өндірілетін төмен және мүлдем алкогольсіз сусындардың үлесі жалпы өндірістің 30%-ын құрады.
- Жұмыс уақытынан айырылатын жазатайым оқиғалар саны 15%-ға төмендеді.
Компания 2016 жылдан бері Қазақстанның су қоймаларын тазалауға бағытталған «Мөлдір су» жобасын жүзеге асырып келеді. Тоғыз жыл ішінде Балқаш пен Алакөл көлдерінде және еліміздің басқа да өңірлерінде көптеген акциялар өтті. Акцияларға 1 900-ге жуық ерікті қатысып, 170 тоннадан астам қоқыс жиналды, оның едәуір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді. Жоба – компанияның табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған ұзақмерзімді экологиялық жауапкершілігінің және белсенді қатысуының айқын дәлелі.
Топтың жаһандық нәтижелері
«Кейбір негізгі нарықтардағы күрделі жағдайдың өнім көлемінің өсуіне әсер еткенімен, біз 2024 жылғы нәтижелерге көңіліміз толады. Қызметкерлеріміздің жанкешті еңбегі мен бизнестің орнықтылығы жалпы табысты арттырып, коммерциялық инвестицияларды кеңейтуге және операциялық пайданы органикалық тұрғыдан ұлғайтуға мүмкіндік берді» Carlsberg Group-тың Бас директоры Якоб Ааруп-Андерсен
Топтың 2024 жылғы негізгі қаржылық көрсеткіштері:
- Жалпы көлемнің органикалық өсуі: +0,4%
- Табыс көлемінің органикалық өсуі: +2,4%
- Гектолитрге шаққандағы табыстың өсуі: +2%
- Операциялық пайданың өсуі: +6%
Орталық және Шығыс Еуропа мен Үндістанда (Қазақстанды қоса алғанда) жалпы көлемнің органикалық өсуі +4%-ды құрады, бұл аймақтың топтың жаһандық нәтижелеріндегі маңызын көрсетеді.
2024 жылдың қорытындысы Carlsberg Kazakhstan компаниясының нарық өзгерістеріне икемді бейімделу қабілетін және көшбасшылық позициясын сақтап қалғанын айғақтайды. Қомақты салықтық төлемдер, экологиялық және әлеуметтік жобаларға инвестициялар, жаңа бағыттарды дамыту, қауіпсіздік пен орнықтылыққа деген жауапкершілікті күшейту – осының бәрі компанияның Қазақстан экономикасы мен қоғамының маңызды қатысушысы ретіндегі рөлін растайды. Мемлекетпен және қоғаммен ұзақмерзімді серіктестікті сақтау алдағы жылдарға арналған стратегиялық басымдық болып қала бермек.