Қазақстанның үздік өнерпаздарына дауыс беру: Ticketon жүлдесінің аралық көшбасшылары

1936
Фотосурет: Pexels

Қазақстандық-қырғызстандық «Үкім» фильмі Freedom Ticketon Awards 2024 жүлдесінің аралық нәтижелері бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Freedom Ticketon Awards 2024 жүлдесіне үміткерлерге дауыс беру науқаны қарқынды жүріп жатыр. Соңғы екі аптада қазақстандықтар өнер мен мәдениет саласындағы ең жарқын әрі дарынды тұлғаларға, яғни өткен жылы айрықша жетістікке жеткен жандарға өз дауыстарын беруде. Қазіргі уақытта 49 341-ден астам дауыс жинақталған, ал тек кеше ғана 3649 дауыс тіркелді. Дауыс беру 25 наурызда басталды және 15 сәуірге дейін жалғасады. Жеңімпаздар есімі сәуір айының соңында өтетін үлкен марапаттау рәсімінде жарияланады, әрі бұл салтанат бұрынғыдан өзгеше форматта ұйымдастырылады деп күтілуде.

Аралық нәтижелер бойынша «Киноактер года» (Киноактер жыл таңдауы) санатында Рамазан Амантай көш бастап тұр. Ол түрлі жанрда ойнап, өзін жан-жақты актер ретінде мойындатқан. Отандық кинематографияға қосқан үлесі үшін «Серпер» жүлдесін иеленгені – оның кәсібилігі мен өнерге адалдығының айқын дәлелі. Ал «Казахстанский концерт года» (Қазақстандық концерт жыл таңдауы) номинациясында Димаш Құдайбергеннің Астанадағы ауқымды шоуы еш талассыз бірінші орында келеді. Ең қызығы – Димаш «Мировая значимость» (Әлемдік маңызы) санатында да көшбасшы.

«Отандық фильм года» (Отандық фильм жыл таңдауы) номинациясында қазақстандық-қырғызстандық драма «Приговор» («Үкім») қазіргі сәтте ең көп дауыс жинап отыр. Фильм екі жасөспірімнің әділетсіз жүйеге қарсы күресін баяндайды. Қазірдің өзінде оған 492 дауыс берілген. Ал «Киноактриса года» (Киноактриса жыл таңдауы) аталымында Жазира Еркін 731 дауыс жинап, көшбасшылар қатарына енді. Ол «Айжан», «Таптым-ау сені», «Солай болып қалды» сынды фильмдердегі рөлдері арқылы көрерменнің көңілінен шығып, болашағы зор актриса екенін дәлелдеді.

Биылғы жылы жаңадан қосылған «ART» санатындағы «Выставка года» (Жыл көрмесі) номинациясында «Прекрасная принцесса» көрмесі көш бастап тұр. Ол Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде өткен жазда ұйымдастырылып, Леонардо да Винчидің «La Bella Principessa» туындысымен танылған еді. XV ғасырда пергаментке салынған бұл портрет – Қайта өрлеу дәуірінің асыл мұрасы, әрі суретшінің соңғы анықталған еңбегі ретінде мойындалған. Картинаға қатысты пікірталастар ұзақ уақыт бойы толастаған жоқ, алайда рентгендік зерттеуде анықталған саусақ ізі барлық күмәнді жоққа шығарды. Бұл жауһарды Қазақстанға әкелу оңайға соқпағанымен, ұйымдастырушылардың еңбегі өз нәтижесін берді.

Халықтың ықыласына бөленіп жатқан ең жас қатысушылар да назардан тыс қалмайды. Биылғы «Юные дарования» (Юные дарования) аталымына еніп, жарқын жетістіктерімен танылғандар қатарында ФК «Челси» клубымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық футболшы, «Жас қанат. Балалар-2024» байқауының Бас жүлдегері, әнші Інжу Есімхан, республикалық «Jas Tolqyn» байқауының Гран-при иегері Санбаев Айбар, сондай-ақ FIDE-нің әйелдер арасындағы ТОП-10 рейтингіне енген ең перспективалы шахматшы Алуа Нұрман және басқа да дарынды жеткіншектер бар.

Freedom Ticketon Awards жүлдесінің сегізінші маусымында номинациялар өзгерістерге ұшырап, «ART» пен «Юные дарования» секілді жаңа аталымдар қосылды. Биыл дауыс беру механикасы да үш деңгейге бөлінді: халықтық дауыс беру, номинанттардың дауыс беруі және ұйымдастыру комитетінің шешімі. Халықтық дауыс беру жүлденің ресми сайтында өтіп жатыр, әр қазақстандық күн сайын әр номинация үшін бір дауыс бере алады. Ал номинанттар өздері қатысатын санатта дауыс беруге құқылы болғанымен, өз кандидатурасына дауыс бере алмайды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері де әр аталым бойынша үздіктерге дауыс беріп, жеңімпаздарды анықтауға үлес қосады.

Дауыс беру нәтижелеріне келсек, халық тарапынан ең көп дауыс жинаған үміткер 50 ұпайға ие болады. Номинанттар мен қазылар алқасының (ұйымдастыру комитетінің) дауыстары пропорционалды түрде есептеледі: комитеттің әр даусы номинанттарға қосымша 15 ұпай береді. Финалдық қорытындыны тәуелсіз аудиторлық топ шығарады. Топ мүшелері NDA (құпияны жария етпеу туралы келісім) шарттарына қол қояды, сондықтан жеңімпаздардың есімдерін марапаттау рәсіміне дейін құпия сақтауға міндетті.

«Барша қазақстандықтарды өздерінің сүйікті өнер жұлдыздарына белсенді түрде дауыс беруге шақырамыз. Сіздің дауысыңыз елдегі мәдениет пен өнер саласының дамуына ықпал етеді. Біз бірлесіп, өнер мен мәдениеттің дамуына жол ашып, қазақстандықтардың үлкен сахналарда көргісі келетін жұлдыздарды қолдау арқылы осы саланы өркендетуге үлес қосамыз» Freedom Ticketon онлайн-билет сату сервисінің бас директоры Виктория Торгунакова

Осылайша, Қазақстандағы ең ауқымды өнер және мәдениет саласындағы Freedom Ticketon Awards жүлдесіне дауыс беру әлі үш апта бойы жалғасады. Әрбір қазақстандық дауыс беруге қатысып, мәдениет, спорт және ойын-сауық индустриясына ең көп үлес қосып жүрген азаматтарды анықтауға үлес қоса алады. Өз таңдауыңызды жасау үшін award.ticketon.kz сайтына кіріп, ұнаған үміткерге дауыс бере аласыз.

Биыл 27 номинация бойынша 250-ге жуық қазақстандық мәдениет және шоу-бизнес өкілдері бақ сынауда. Мақсат – 2024 жылғы ең үздік шығармашылық жұмыстарды айқындап, дарын иелерін қолдау, сондай-ақ отандастарымыздың мәдени дәстүрлерді сақтап, дамытуына назар аударту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -