Қазақстан көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандыруда

3278
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиында Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы қаралды.

Отырыста Кешенді жоспарды жүзеге асыруға қатысты қабылданған шаралар туралы Қаржылық мониторинг агенттігі, Жоғары аудиторлық палата, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қаржы министрлігі басшылығының баяндамалары тыңдалды.

Мемлекеттік кеңесші Кешенді жоспардың тиісті тармақтарын сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде талдамалық жұмысты күшейтудің өзектілігіне тоқталды.

Комиссия талқылау қорытындысын ескере отырып, нақты ұсыныстар әзірледі. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді. Тапсырмалардың орындалу барысы бақылауға алынды

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -