Аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілер Наурыз мейрамын тойлады

6435
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 99280 әскери бөлімінің аумағында Наурыз мейрамы тойланып өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Айтулы іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы толық қатысты.

Мерекелік іс-шара әскери бөлім командирі полковник Муслим Кузубаевтың құттықтау сөзімен басталып, қазақтың салт-дәстүрлерін ұлықтаған сайыспен жалғасын тапты.

- Ата-бабамыздан келе жатқан Наурыз мерекесі қазақ елі үшін маңызы зор. Наурыз айын бүкіл қазақстандықтар дүбірлетіп кең көлемде атап өтеді. Тарих қойнауынан бастау алған ұлық мерекені табиғаттың бізге берген үлкен сыйы деп білемін. Әдеттен жаңылмай, бір кісідей жұмылып кештің өтуіне алсалысып жатқандарыңызға мың алғыс. Ұрпақ өз тарихын, дәстүрін білуі тиіс — деді полковник Муслим Кузубаев.

Іс-шара барысында әскери бөлім аумағында Абай және Шәкәрім ауылдары құрылып, қазақтың ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлері көрсетілген сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ ұлттық тағамдардан дастархан жайылып қос ауыл өзара мықтыны анықтады. Атап айтар болсақ әр ауыл өздерін таныстырудан бастап, өз қалаулары бойынша қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар көрермендерге асық ату, арқан тарту, қол күресі сынды қазақ халқының ұлттық ойындарын паш етті. Аталған шара барасында өткізілген бата беру сайысы да көпшіліктің көңілінен шықты.  Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу ұлттық тағамдар дастарханы сайысымен аяқталды.

Наурыз мерекесіне арналған сайыс соңында жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Ал әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері мерекелік концертті тамашалап, ұйымдастырушыларға өз риашылығын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -