ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов адами капиталды дамытуды, дербес деректерді қорғауды және сенімді инфрақұрылымды құруды қамтитын киберқауіпсіздіктің жаңа шаралары туралы айтты, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылы халықтың киберқауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығы 80,4%-ға жетті. Ақпараттық қауіпсіздік саласында кадрлар даярлау 8 ЖОО мен 25 колледжде жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2024-2025 жылдары киберқауіпсіздік және криптология саласында 3600 білім гранты бөлінді.
2024 жылы ақпараттық қауіпсіздік бойынша 210 тексеру және дербес деректерді қорғау бойынша 60 тексеру жүргізілді.
2025 жылғы 13 наурыздан бастап дербес деректерді, электрондық құжаттарды және ЭЦҚ қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді: әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі ұлғайды, дербес деректерді қорғау саласындағы әкімшілік айыппұлдар 3 есеге, ал ақпараттандыру саласында 5 есеге өсті. ЭЦҚ-ны заңсыз пайдаланғаны және оның түпнұсқалығын тексермегені үшін жаңа шаралар енгізілді.
41 мың адамды оқытқан CITIZENSEC.KZ ұлттық білім беру платформасы да іске қосылды. 1 млн-нан астам дербес деректерді өңдейтін операторлар үшін міндетті кибер сақтандыру енгізілді. Заңсыз несиелердің алдын алуға және азаматтарды алаяқтықтан қорғауға көмектесетін бұзылған деректер тізілімі жасалады.
Amanat партиясы Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, Балаларды қорғау комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Мемлекеттік техникалық қызметімен, ЦАРКА, MSSP.GLOBAL компанияларымен бірлесіп азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған "Цифрлық қоғам" ауқымды жобасын бастады.
"Цифрлық қоғам" жобасының өзі жай ғана жоба емес, цифрлық әлемдегі саналы және қауіпсіз болашаққа жасалған маңызды қадам. Жоба аясында ата-аналар жиналыстарын өткізу, "Серебренная лига" деп аталатын егде жастағы адамдарға арналған цифрлық сауаттылық орталықтарын ашу, цифрлық еріктілерді оқыту, цифрлық заңдармен жұмыс істеу және цифрлық сауаттылық индексін әзірлеу жоспарлануда.
Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты Руслан Әбдіқалықов киберқауіпсіздік бойынша ұсыныстарды еске салды:
- Жеке ақпаратқа мұқият болыңыз. Күрделі құпия сөздерді қолданыңыз және оларды үнемі өзгертіңіз. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін тіркелгілеріңізде екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады.
- Фишингтен сақ болыңыз. Әрқашан жіберушінің мекен-жайын тексеріңіз және олардың шынайылығына күмәндансаңыз, сілтемелерге өтпеңіз.
- Шындық болу үшін тым жақсы көрінетін ұсыныстардан сақ болыңыз. Маңызды шешімдер қабылдамас бұрын әрқашан ақпаратты тексеріңіз, мәліметтерді талдаңыз және тек тексерілген көздерге сеніңіз.
Алаяқтыққа немесе жеке деректердің таралуына күдік туындаған жағдайда, дереу уәкілетті органдарға жүгіну маңызды. Бұл сізге ғана емес, басқа азаматтарға да көмектеседі, өйткені алаяқтық схемалары туралы ақпаратты одан кейінгі болуы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін пайдалануға болады.