Өскеменде ұландықтар волейболдан сынға түсті

4345
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өскемен қаласының Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 əскери бөлімінің бөліністер арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығыра  орай волейболдан жарыс өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тартысты ойында жеті команда - жалпы саны елуге тарта спортшы бақ сынады. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында 6699 әскери бөлім командирі полковник Асылбек Солтанов  сөз сөйлеп, əскери қызметшілердің арасында спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар қатысушыларға сайыста сəттілік тіледі.

"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда"- демекші, ойын барысында әр команда өз шеберліктерін көрсетіп, жеңістен аянып қалмады. Деседе бəсеке болғаннан кейін жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні анық.   Тартысты сайыстың қорытындысы бойынша, екінші атқыштар ротасының ойыншылары бірінші орынға қол жеткізді, екінші орынды басқарма офицерлерінен құралған команда  иеленді, ал үшінші орынға бірінші атқыштар ротасының командасы тұрақтады.   Сонымен қатар қатысушылар арасынан «Үздік шабуылшы» , «Үздік байланыстырушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бөлім командирінің кубыгымен марапатталды. Айта кетейік , волейболдан өткен жарысқа бейімді сарбаздардан бөлек  əскери бөлім командирлері мен бөлім басшылары, рота командирлері де ат салысты. 

Алдағы уақытта «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  6699 əскери бөлімінде бұндай сайыстар өткізу жылдағы дәстүрге айналмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -