Семей әскери қызметшілері Наурыз мейрамын ұлттық дәстүрлермен және спорттық ойындармен атап өтті

5038
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Семейдің әскерилері ұлыстың ұлы күнін ұлықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 және 30217 әскери бөлімдерінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Ұлттық құндылықты насихаттау, ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымызды дәріптеу мақсатындағы шараға әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері және мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар қатысты.

Мерекелік шара аясында қазақтың келін түсіргенде жасалатын салттарының бірі – беташар дәстүрі көрсетілді. Беташар халқымыздың ежелден келе жатқан салты. Мақсаты - жаңа түскен келінге елді таныстырып, иіліп сәлем салдыру.

Бүгінгі кеште ұлтымыздың осы дәстүрі кеңінен көрсетіліп, мәдени мұрамыз жан-жақты түсіндірілді.

" Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – жыл басы саналады. Осы жылғы мерекені әскер сапында өткеріп жатқаныма қуаныштымын. Мереке аясында әртүрлі спорттық ойындар ойнатылып, оған мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да белсене қатысты. Баршаларыңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын" 28738 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Асанәлі Рақымбай

Ұлық мереке «Қол күресі», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру» сынды ойындармен жалғасын тапты. Әскери қызметшілер мен сарбаздар қатысқан ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Сайыстар соңында ойынға қатысушылар марапатталып, ризашылықпен тарасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -